Мәдениет

Абай облысында тарихи-мәдени мұраларды сақтау жұмыстары жалғасуда

Абай облысында 417 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекеттік тізімге енгізілген. Оның ішінде 67 сәулет ескерткіші, 51 монументалды өнер нысаны және 260 археологиялық ескерткіш бар. Ал 13 нысан республикалық маңызы бар ескерткіштер қатарына жатады.

2025 жылы тарихи мұраларды сақтау бағытында бірқатар жұмыс істелінді. Шығыс Қазақстан облысынан алынған материалдар қайта жүйеленіп, жаңа әкімшілік шекараға сәйкес түгендеу жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде тізімнен 10 ескерткіш алынып, орнына жаңа тарихи нысандар енгізілді. Олардың қатарында «Ұстаз бен шәкірт» композициясы, Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші, 1865 жылғы мұсылман зираты және Орманшыларға арналған ескерткіш бар.

Сонымен қатар Көкпекті ауданында «Батыр бабалар жолы» атты мәдени экспедиция ұйымдастырылды. Ал Жарма ауданында жүргізілген археологиялық зерттеу барысында алтын сырға мен белбеу әшекейлері табылды.

Жыл қорытындысы бойынша өңірде 111 тарихи нысан алдын ала қорғау тізіміне енгізілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button