Сахнада өзіндік қолтаңбасы бар әнші

Олжас Оспан Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның әншісі. Жасы 32-де. Түрлі байқаулардың жеңімпазы. Еңбек жолын студенттік шағынан бастады. Музыкалық білім мамандығын меңгерген.
Бала кезінен спортқа әуес болған, ал музыкаға деген ынта-ықыласы әулетінен дарыған. Анасы тарихшы болғанымен, домбыра шертіп, ән айтады.
Жақында ол «Ұнайды маған» тележобасына қатысып, тартысты кезеңдерді бастан өткергенін айтады. Жартылай финалға дейін еш кедергісіз жеткен. Сайыстың алғашқы айналымында әншінің отбасы оған сурет салып, сыйлық ретінде жолдаған. Бұл сәт оның есінде ерекше сақталыпты. Балаларының қолдауы оған айрықша рух бергенін айтады.
Алға қойған жоспарлары көп. Алда қатысатын байқаулар мен жобалар бар. Шетелге шығып, өзге де бағыттарды байқап көргісі келеді. Ал басты мақсаты жеке әндерінің қатарын толықтырып, альбом шығару.



