Заң

Полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарды

29 желтоқсан сағат 03:50 шамасында Абай облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына көпір аумағында жас қыздың өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол жұмсамақ болған.

Хабарлама түсе салысымен жағдай бақылауға алынып, оқиға орнына патрульдік полиция жедел жетті. «Барыс-647» экипажының қызметкерлері — полиция лейтенанты Елдар Каримханов және полиция аға лейтенанты Бақтыбек Кушумбаев бойжеткенді дер кезінде ұстап қалып, қауіпсіз жерге шығарды.

Қызметкерлер қызбен сабырлы сөйлесіп, қолдау көрсетіп, жағдайды тұрақтандырды. Нәтижесінде оның қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіліп, қоғамдық тәртіп қалпына келтірілді.

Полиция өкілдері мұндай сәттерде жедел әрекет пен адамгершілік қолдаудың маңызы зор екенін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button