Басты жаңалық

Облыс әкімі Семейдегі дарынды балалар лицейіне барды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы «Білім-Инновация» дарынды балалар лицейінің жұмысымен танысты. Аймақ басшысы оқу үдерісін, материалдық-техникалық базаны көріп, білім ордасының өзекті мәселелеріне назар аударды.

Лицейде бүгінде 222 оқушы білім алады, 31 мұғалім еңбек етеді. Оқу орны республикалық олимпиадалар қорытындысы бойынша «100 үздік олимпиадалық мектеп» қатарына енген. Сондай-ақ «Үздік ұйым – 2025» облыстық конкурсының жеңімпазы атанды.

Кездесу барысында мектептің ескі ғимаратта орналасқаны және жаңа оқу корпусының қажеттігі айтылды. Облыс әкімі жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын екенін атап өтіп, қаржы бөлу мәселесі Үкіметке ұсынылатынын жеткізді.

Дереккөз: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button