Басты жаңалық

Тоқаев: Конституциялық құрылысқа 1500-ден аса ұсыныс түсті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Парламент реформасына арналған жұмыс тобына Конституциялық құрылыс мәселелері бойынша 1500-ден астам ұсыныс келіп түскенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Парламент реформасына қатысты 500-ден аса ұсыныс қабылданған. Ал заңгерлер, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері тарапынан жалпы конституциялық жүйеге қатысты үш есе көп бастама ұсынылған. Бұл мәселелер жұмыс тобының тікелей құзыретіне кірмегенімен, мазмұны маңызды әрі мұқият қарауды қажет етеді.

Президент ұсыныстар ішінде мемлекеттік билік жүйесінде өңірлер мен этномәдени бірлестіктердің өкілі болу қажеттігі жиі көтерілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл тақырыпты мемлекеттің мүддесін ескере отырып, жауапкершілікпен қарау қажет. Барлық жоспарланған өзгеріс бір-бірін толықтырып, өзара қайшылыққа түспеуі тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button