Әлеумет

Қалада автокөлік сырлау сұраныста

Кейде үлкен өзгеріс шағын идеядан басталады. Семей қаласының тұрғыны Ернұр Байғамитов батыл қадам жасады. Ол 2025 жылдың маусым айында жаңа бизнес-идеяларға арналған мемлекеттік грантты жеңіп алды. «Автокөлік бояу қызметі» жобасын қолға алып, 1 572 800 теңге қаржыға іске асырды.

Грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтар сатып алынып, қызмет көрсету нүктесі іске қосылды. Жобаның мақсаты – қала тұрғындарына сапалы, заманауи әрі қолжетімді автокөлік сырлау қызметін ұсыну.

Енді Семей көшелерінде жаңарған көліктер көбеймек. Ал бұл бастама өңірде кәсіпкерлік мәдениеттің дамуына қосылған тағы бір үлес.

Егер көлігіңізді сырлау қажет болса, Веретельников көшесі, 102 үй мекенжайына жүгініп, 8 777 064 00 02 нөмірі арқылы байланыса аласыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button