Туризм
Тренд

Түркия 2025 жылы келетін туристер саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Түркияның туризм индустриясы 2025 жылды бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіштермен аяқтады, деп хабарлайды Abaylife.kz сайты.

Ыстанбұлда өткен жиында Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой маңызды деректерді жариялады: бір жыл ішінде елге 64 миллионға жуық шетелдік қонақ келіп, туризмнен түскен табыс 65,2 миллиард доллардан асты.

Соңғы жылдары Ресей, Германия және Ұлыбританиямен қатар Орталық Азия, оның ішінде Қазақстаннан келетін туристер ағыны айтарлықтай өсті.

 

Source
TuraNews.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button