
Қыс мезгілінің келуімен Түркиядағы ең танымал теміржол бағыты — «Туристік Шығыс экспресіне» сұраныс артты. Анкарадан басталып, Карс қаласында аяқталатын бұл маршрут Анадолының қысқы әлеуетін танытуда стратегиялық маңызға ие, деп хабарлайды Abaylife.kz.
24 сағаттық сапар барысында пойыз Эрзинджан мен Эрзурум сияқты тарихи шаһарларда арнайы аялдап, жолаушыларға өңірдің мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік береді. Сапардың соңғы нүктесі — Карс қаласындағы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген көне Ани қалашығы мен Чылдыр көліндегі мұз үстіндегі серуен шетелдік туристерді, соның ішінде Қазақстаннан келетін қонақтарды ерекше қызықтыруда. Мамандардың айтуынша, бұл бағыт Түркияның тек жағажай туризмі емес, мәдени-тарихи бағытта да көшбасшы екенін дәлелдей түседі.






