Басты жаңалық

Жаңа Салық кодексі: бизнеске жеңілдік

Елімізде жаңа Салық кодексі қабылданып, салық жүйесін жеңілдетуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізілмек. Негізгі мақсат — кәсіпкерлер мен салық органдары арасындағы жұмысты оңайлату және бизнесті заңды түрде дамытуға жағдай жасау.

Жаңа кодекс бойынша салық есептері азаяды, көп қызмет цифрлық форматқа көшеді. Арнайы салық режимдері қысқарып, кәсіпкерлер үшін рәсімдер жеңілдейді.

Жеке тұлғалар үшін маңызды жаңалық зейнетақы қорынан төленетін төлемдердің басым бөлігі енді жеке табыс салығынан босатылады.

Көлік иелері үшін де жеңілдік бар:

10–20 жыл жүрген көліктерге салық 30%-ға, ал 20 жылдан асқан көліктерге 50%-ға төмендейді.

I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған салық шегерімі көбейіп, жұмыс істейтін адамдардың қолына алатын жалақысы сәл артады.

Ауыл шаруашылығы саласына да қолдау сақталады — фермерлер төмендетілген салық мөлшерлемесін пайдалана береді.

Сонымен қатар, шағын қарызы бар кәсіпкерлердің есепшоттарын бірден бұғаттау тоқтатылады. Ал кей жағдайларда салық есептері жүйе арқылы автоматты түрде жасалады.

Жалпы, жаңа кодекс бизнес жүргізуді жеңілдетіп, экономиканың дамуына серпін беруді көздейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button