Кенттерде инфрақұрылым жақсарып келеді

Водный мен Восход кенттерінде жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың күнделікті тұрмысына қажетті мәселелерге басымдық берілуде.
Биыл екі елді мекенде 3,2 шақырым жолға асфальт төселді. Сонымен қатар 30 көшеге құм-шағыл төгіліп, жолдар тегістелді. Геодезическая, Предгорная және Семипалатинская көшелерінде де жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазір №52 және №34 мектептердің маңында жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Оның ұзындығы 340 метрден асады.
Водный елді мекенінде төрт көшеде электр желілері жаңартылды. Сонымен қатар көшелердегі істен шыққан 200-ге жуық жарық шамы ауыстырылды.
Восходтағы «РСУ» аялдамасы маңына жаңа футбол алаңы орнатылды. Екі елді мекен аумағындағы заңсыз қоқыс орындары тазартылып, 11 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды.
Ал Водный елді мекенінде 600 орындық жаңа мектеп ашылды.
Алдағы уақытта №34 мектеп жанынан мәдениет үйінің құрылысы басталады. Ол тұрғындар үшін мәдени әрі спорттық орталыққа айналады.



