СпортХабарландыру

«Семей» футзал клубы жанкүйерлерге үндеу жасады

«Семей» футзал клубы соңғы матч барысында орын алған жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Клуб өкілдерінің айтуынша, команда әрдайым әділ бәсекені, құрмет пен жанкүйерлік мәдениетті қолдап келеді және бұл ұстанымынан айнымайды. Алайда соңғы ойын кезінде трибунадан қарсылас командаға бағытталған, клуб құндылықтарына сай келмейтін сөздер айтылғаны белгілі болған.

Осыған байланысты клуб басшылығы мұндай әрекеттерді құптамайтынын және спорт алаңында балағат сөздер мен қорлау әрекеттеріне жол берілмеуі тиіс екенін атап өтті.

«Семей» футзал клубы қарсылас командадан, екі клубтың жанкүйерлерінен және футзал қауымдастығынан ресми түрде кешірім сұрады.

Сонымен қатар клуб жанкүйерлердің командаға көрсетіп жүрген қолдауын жоғары бағалайтынын, алайда кез келген қолдау қарсыласқа, төрешілерге және матчқа қатысушылардың барлығына құрмет көрсету қағидатымен қатар жүруі тиіс екенін жеткізді.

Клуб өкілдері футзал эмоция мен тартысқа толы ойын болғанымен, ең бастысы — өзара құрмет екенін атап өтті. Сондай-ақ жанкүйерлерді қолдау мәдениетін сақтап, еліміз мақтан тұтатын спорттық атмосфераны бірге қалыптастыруға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button