Басты жаңалық

«Сарбаз 2.0»: жастарға жаңа мүмкіндік

Әскерден оралған жастар бүгінде білім алып, жаңа өмірге бейімделіп жатыр. Семейде бірқатар бұрынғы сарбаздар мемлекеттік грантпен оқуда. Бұл мүмкіндік Қорғаныс министрлігінің «Сарбаз 2.0» бағдарламасы аясында берілген. Жоба әскерден келген жастарға жоғары білім алуға жол ашып, олардың азаматтық өмірге бейімделуіне көмектеседі.

Білім алып жүрген сарбаздың бірі 19 жастағы Арсен Мағауиянов. Ол Әлихан Бөкейханов атындағы университетте білім оқып жүр. Арсен бұл қолдаудың маңызын атап өтті.

Әскери қызмет бізді тәртіпке, жауапкершілікке үйретті. Ал бүгін сол еңбегіміздің нәтижесінде жоғары оқу орнында тегін білім алып жатырмыз. Бұл сарбаздарға көрсетілген зор сенім мен қолдау, – дейді ол.

Қазір студент-сарбаз өз мамандығы бойынша білім алып жатыр. Оның айтуынша, әскерде қалыптасқан тәртіп пен жауапкершілік оқу барысында да көмектескенін айтты.

Әскерден келген соң болашаққа деген сенім пайда болды. Мемлекет бізді назардан тыс қалдырмай, білім алуға жол ашты. Бұл мотивация ғана емес, үлкен мүмкіндік, – дейді ол.

Арсен Мағауиянов бос уақытын тиімді өткізуге тырысады. Ол спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанатын жастардың бірі.

Тағы бір студент Дамир Байболатов аталған бағдарламаның маңызын тілге тиек етті.

Мемлекеттің қолдауының арқасында білім алуға жаңа жол ашылды. Бұл тек ынталандыру емес, үлкен мүмкіндік, – деп атап өтті.

«Сарбаз 2.0» – әскерден келген жастарға қолдау көрсететін жоба. Бұл бағдарлама арқылы білім алған жастар болашақта ел дамуына үлес қосуды көздейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button