Басты жаңалық
Ғалымдардың мәртебесі заңмен бекітілмек

Мәжіліс ғылым саласына қатысты жаңа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатта ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің мәртебесін нақтылау көзделген.
Жаңа нормаларға сәйкес, ғалымдардың құқықтары қорғалып, академиялық және шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Олар өз зерттеу бағыттарын өздері таңдай алады.
Ғылыми зертханаларға қолжетімділік кеңейтіледі. Мемлекеттік тапсырыс аясында алынған жабдықтарды барлық ғылыми қызметкерлер пайдалана алады.
Бұдан бөлек, ғылыммен айналысатын дарынды оқушыларға да мүмкіндік қарастырылған. Енді олар мемлекеттік университеттердің зертханаларын тегін қолдана алады.
Заң жобасы ғылым саласын дамытуға және ғалымдарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.



