Басты жаңалық

Қала әкімі тұрғындарды қабылдады: өзекті мәселелер көтерілді

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан қала өміріне қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз ету, абаттандыру, құрылыс, әлеуметтік қолдау, оқушыларды тасымалдау, қоғамдық көлік, көшелерді жарықтандыру және жол сапасына қатысты сұрақтар талқыланды. Әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті түсіндірмелер берілді.

Қала басшысы барлық көтерілген мәселелер назарға алынғанын атап өтіп, жауапты бөлімдер мен мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, өтініштердің орындалуы бақылауда болатыны жеткізілді.

Айта кетейік, азаматтарды жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Қабылдауға жазылу үшін Тәнірберген көшесі, 1 (№112 кабинет) немесе Достоевский көшесі, 110 (№7 кабинет) мекенжайларына барып өтініш қалдыру қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button