Тарбағатай: көшуге қолайлы мекен

Аягөз ауданының Тарбағатай ауылы инфрақұрылымы қалыптасқан, тұрмысқа қолайлы елді мекендердің бірі.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауылда халықтың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Кең аумақты алып жатқан округтің жер қоры бұл бағытты дамытуға мүмкіндік береді.

Бүгінде ауылда тұрғындарға қажетті негізгі мекемелер толық жұмыс істеп тұр. Білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және мемлекеттік қызмет көрсету салалары жолға қойылған. Атап айтқанда, мектептер, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі, халыққа қызмет көрсету орталығы мен пошта бөлімшесі халыққа тұрақты қызмет көрсетеді.

Көшелер асфальтталып, жарықтандырылған. Ауыл толық ауыз сумен қамтылған, интернет бар. Табиғаты көркем, ауасы таза.
Тарбағатай ауылы жаңа тұрғындарды қарсы алуға дайын. Мемлекеттік бағдарлама арқылы көшіп келгендерге қолдау көрсетіледі:
- әр адамға 302 750 теңге көлемінде біржолғы көмек беріледі;
- үй жалдауға 64 875–90 825 теңге аралығында 1 жыл төлем төленеді;
- үй сатып алуға 7 млн теңгеге дейін сертификат ұсынылады.



