Қаңтарда шетелге 37,9 млрд теңге жіберілген

2026 жылдың қаңтар айында халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 114,2 мың транзакция жасалып, жалпы көлемі 39 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
Мәліметке сәйкес, 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ақша аударымдарының саны 30,5 пайызға, ал жалпы көлемі 36,6 пайызға азайған.
Қаңтар айында Қазақстаннан шетелге 37,9 млрд теңге жіберілген. Ең көп ақша аударылған елдердің қатарында Ресей, Түркия және Өзбекстан бар. Атап айтқанда, Ресейге 16,7 млрд теңге, Түркияға 6 млрд теңге, Өзбекстанға 5,5 млрд теңге, Грузияға 2,6 млрд теңге, Қытайға 1,9 млрд теңге аударылған.
Ал шетелден Қазақстанға қаңтар айында 15,4 млрд теңге келген. Елімізге ең көп ақша Ресейден 3,2 млрд теңге, АҚШ-тан 2,6 млрд теңге және Түркиядан 1,9 млрд теңге түскен. Сонымен қатар Өзбекстаннан 1,7 млрд теңге, Германиядан 1,2 млрд теңге аударылған.



