Басты жаңалық

Тоқаев: Президент сайлауы 2029 жылы Конституцияға сәйкес өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдумнан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Вице-Президент лауазымын енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

Президенттің айтуынша, қоғамда бұл бастама туралы түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір сарапшылар мұндай институт билік ішінде бәсекені күшейтіп, саяси үдерістерге әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. Алайда Мемлекет басшысы бұл пікірлермен келіспейтінін жеткізді.

Тоқаевтың сөзінше, Вице-Президент институты керісінше мемлекеттік басқару жүйесін нығайтып, билік құрылымдарының тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді. Ол бұл лауазым мен жалпы саяси реформалардан үлкен нәтиже күтетінін атап өтті.

Сонымен қатар Президент келесі президент сайлауы қолданыстағы Конституция талаптарына сәйкес өтетінін айтты.

Президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мерзімінде өтеді. Бұл мәселеге қатысты ешқандай өзгеріс жоспарланып отырған жоқ, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button