Заң
Жасөспірімдерге заң талаптары түсіндірілді

Абай облысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті кездесу Жарма ауданының Қалбатау ауылындағы Маяковский мектебінде өтті.

Полиция қызметкерлері 10–11 сынып оқушыларымен кездесіп, түрлі қауіп-қатерлер туралы әңгіме жүргізді.
Оқушыларға интернет-алаяқтық, есірткі, буллинг және кибербуллинг сияқты мәселелер түсіндірілді. Заң бұзған жағдайда қандай жауапкершілік бар екені айтылды. Әсіресе сталкинг үшін де жаза қарастырылатыны ескертілді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері өз мамандығы туралы айтып, ішкі істер саласында оқуға түсу мүмкіндіктерін таныстырды.
Мамандардың айтуынша, мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыруға көмектеседі.



