Аймақ тынысы

Қаладан – ауылға: Мақаншыға 8 отбасы қоныс аударды

Абай облысында «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында көші-қон үрдісі жалғасып жатыр. Соның нәтижесінде Мақаншы ауданына соңғы уақытта 8 отбасы қоныс аударды. Олардың қатарында 15 оқушы бар. Бұл туралы Semei телеарнасындағы «Қаладан-ауылға» бағдарламасында айтылды.

Жоба аясында туған жерге оралған азаматтарға жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетілуде. Қоныс аударушыларды жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселесін шешу және әлеуметтік бейімдеу бағытында нақты шаралар қабылданған.

Солардың бірі – Медет Шаяхметов. Ол Алматы қаласынан Мақаншы ауданына қарасты Көктерек ауылына көшіп келген. Бағдарлама туралы естіп, аудан әкімдігіне жүгінген азаматқа қысқа мерзім ішінде тиісті көмек көрсетіліп, жұмыспен қамтылған.

Жалпы, «Қаладан – ауылға» бастамасы ауылдық аумақтардың дамуына серпін беріп, халық санын арттыруға бағытталған. Бұл өз кезегінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button