Басты жаңалық
Аягөздің малы да, өнімі де көбейіп жатыр

2025 жылы Аягөз ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 33,5 млрд теңгеге жетті. Биыл бұл көрсеткішті 36,7 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр.
Мал саны да артқан. Ірі қара, ұсақ мал, жылқы мен құс өсімі байқалады. Биыл ірі қараны 116 мың басқа, ұсақ малды 205 мың басқа жеткізу жоспарланған.
Ет пен сүт өндірісі де көбейген. Сонымен қатар шаруалар 2025 жылы 100-ден астам жаңа техника сатып алып, техника паркін жаңартты.
Салаға салынған инвестиция былтыр 931 млн теңге болса, биыл 4,5 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.



