Аймақ тынысы
Бояумен сөйлеген Мақаншы

Мақаншы ауылында «Көркем шежіре» атты жеке көрме ашылады. Бұл жолы көрерменге танымал суретші Болат Исиннің акварельмен салған жұмыстары ұсынылады.

Көрмеге 2018–2026 жылдар аралығында салынған туындылар қойылған. Суреттерден туған жердің табиғатын, ауылдың тынысын және автордың ішкі сезімін байқауға болады.

Болат Исин — Мақаншыда туған, қазір Өскеменде тұратын суретші. Оның шығармашылығында туған жер тақырыбы әрдайым басты орында.

Көрме Мәдениет үйінде өтеді және бір ай бойы ашық болады.



