Басты жаңалық
Өрт маусымына дайындық пысықталды

Абай облысында Премьер-министр Олжас Бектенов төтенше жағдайларға байланысты жедел штаб отырысын өткізді. Негізгі мәселе – өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық.

Қазірдің өзінде елде орман мен дала өрттері тіркеліп жатыр. Биыл ауа райы да ыстық болады деген болжам бар, сондықтан қауіп күшейген.
Жыл басынан бері 36 өрт болған. 794 гектардан астам аумақ жанған. 50 мыңнан аса құтқарушы дайын

Өртті ерте анықтау үшін дрондар мен спутниктер қолданылып жатыр. Tasqyn жүйесі арқылы өрттің таралуы алдын ала есептеледі.
Абай облысында екі орман өрті дер кезінде сөндіріліп, зардап болған жоқ.
Алдағы жоспар – өрт сөндіру бекеттерін көбейту және «Өрт-2026» оқу-жаттығуын өткізу.



