Басты жаңалық

Ғалымдарға үндеу: тәртіп пен құндылықты дәріптеңіздер

Ақордада өткен ғалымдарды марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауапкершілік пен тәртіп қағидаттарының маңызын атап өтті.

Президенттің айтуынша, қоғамда бұл құндылықтарды қалыптастыруда ғалымдардың рөлі ерекше. Олар біліммен қатар моральдық ұстанымдар арқылы көпке үлгі болуы тиіс.

– Ғалымдар әрдайым ағартушылық жолында алдыңғы қатарда болды. Олар өркениет құндылықтарын дәріптеп, жастарға бағыт-бағдар береді, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген сөзін келтіріп, білім мен тәрбиенің қатар жүруі маңызды екенін айтты.

Президент қоғамда гуманизм, әділдік және жауапкершілік құндылықтары үстем болуы керектігін атап өтті. Оның сөзінше, жастарды заңды құрметтеуге тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қоғамда деструктивті көзқарастарға жол бермеу қажеттігін ескертті. Ел бірлігі мен тұрақтылығына қауіп төндіретін әрекеттерге заң аясында қатаң тосқауыл қойылатынын жеткізді.

Президент ғалымдарды қоғамда, әсіресе жастар арасында тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін белсенді түрде насихаттауға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button