Басты жаңалық

Семейде жаз енді ыстық өтеді

Биыл жазда Семейде алғаш рет 40 мыңнан астам адамға ыстық су беріледі. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылу жүйесі жаңартылып, қазандықтар жөнделді. Ескі құбырлар ауыстырылып, миллиардтаған қаржы бөлінді. Енді жазда да ыстық су қосу мүмкін болды.

Ыстық су бірнеше қазандықтан беріледі. Жалпы 600-ден астам көпқабатты үй қамтылады.

Қазірдің өзінде қаладағы 697 үйде ыстық су жүйесі бар. Бірақ 620 үйде әлі жоқ — оларды да біртіндеп қосу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстарына байланысты кей үйлерде суды уақытша өшіру болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button