Басты жаңалық

Қоқыс кетіп жатыр, айыппұл өсіп жатыр

Абай облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 32 іс-шара жоспарланған. Бұл өңірдің 2024–2029 жылдарға арналған экожоспарының бір бөлігі. Деп хабарлайды Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері мектептерде экосабақтар, байқаулар өтті. «ProEko» жобасына 38 жұмыс ұсынылып, 17-сі жүлде алды.

Сәуір–мамыр аралығында өткен екі айлықта 12 мыңнан астам аула мен 97 саябақ тазартылып, 2897 тонна қоқыс шығарылды.

Жыл соңына дейін 67 мың ағаш отырғызу көзделген. Қазір 431 көшет егілді. Экологиялық талапты бұзғандарға 9,1 млн теңге айыппұл салынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button