Басты жаңалық

QAIRU алғашқы оқу жылын бастады

Орталық Азиядағы жасанды интеллектке бағытталған алғашқы университет — Qazaq AI Research University (QAIRU) алғашқы оқу жылын бастады.

Университет биыл 400 бакалавр және 100 магистрант қабылдады. Ректор Сапар Тоқсановтың айтуынша, бұл көрсеткіш жыл сайын сақталады. Қабылдауда конкурс жоғары болған.

QAIRU-да бакалавриат 3 жыл оқытылады. Бағдарлама AI-жобаға негізделген: бірінші курста MVP әзірленсе, екінші курста AI-сервис, үшінші курста толыққанды өнім жасалады.

Университеттің AI-экожүйесіне академиялық, зерттеу және бизнес бағыттары кіреді. Студенттердің цифрлық профилі қалыптасып, AI-көмекшілер оқуда, зерттеуде және оқытушылар жұмысына қолданылады.

Халықаралық серіктестік те кеңейіп келеді. Қазан айында QAIRU-ға Shanghai Innovation Institute ғалымдары дәріс оқуға келеді. Сонымен қатар Tsinghua University, Shanghai Jiao Tong University және Korea University-мен алмасу және бірлескен білім беру бағдарламалары әзірленуде.

AI-зерттеулер үшін университетке Alem Cloud суперкомпьютерінен 20 GPU бөлінген. Сондай-ақ NVIDIA және Presight компанияларымен 250 МВт дата-орталық салу жөнінде келісім жасалған.

Қазір университетте 24 оқытушы жұмыс істейді. Оқу ақысы бакалавриатта жылына 2 млн теңгеден, магистратурада шамамен 3 млн теңгеден басталады. Алдағы уақытта магистратураға мемлекеттік гранттар мен докторантура бағдарламасын іске қосу жоспарланған.

Университет басшылығының басты мақсаты — Қазақстанда халықаралық деңгейдегі AI мамандарын даярлап, олардың елге оралып, отандық жобалар мен стартаптарды дамытуына мүмкіндік жасау.

Басқа жаңалықтар

Back to top button