Басты жаңалық
Биыл тағы 6 ақылы жол іске қосылады

«ҚазАвтоЖол» басшысы Дархан Иманашевтің айтуынша, қазір елде ұзындығы 4 900 шақырым болатын 26 ақылы жол жұмыс істеп тұр.
Биыл тағы 2 мың шақырымды қамтитын 6 жаңа жол учаскесі іске қосылмақ:
Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал – 554,6 км
Бурылбайтал – Құрты – 226,4 км
Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат – 89 км
Талдықорған – Өскемен – 773 км
Атырау – Астрахань – 277 км
Меркі – Шу – Бурылбайтал – 78 км
Жаңа жобалар жол сапасын арттырып, көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді.



