Басты жаңалық

Бюджеттің 40 пайызға жуығы әлеуметтік салаға жұмсалады — Аида Балаева

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында вице-премьер, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жаңа Конституция жобасында әлеуметтік кепілдіктер сақталатынын айтты.

Оның сөзінше, әлеуметтік желілерде білім мен медицина саласындағы жеңілдіктер қысқарады деген пікірлер шындыққа жанаспайды. Конституция жобасында Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты көрсетілген.

Министр медициналық көмек пен білім беру бұрынғыдай мемлекет есебінен қаржыландырылатынын атап өтті. Қазірдің өзінде мемлекеттік бюджеттің шамамен 40 пайызы әлеуметтік салаға бағытталып отыр.

Аида Балаева білім беру туралы баптарда кей атауларды қазіргі жүйеге сай нақтылау қажет екенін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button