Денсаулық
Енді диагнозды компьютер қоя ма?

Қазақстанда дәрігер қабылдауын жылдамдату үшін жаңа технология ұсынылды. Үкімет отырысында «Ascle» атты стартап таныстырылды.
Жоба қалай жұмыс істейді? Жасанды интеллект дәрігер мен науқастың әңгімесін тыңдап, оны автоматты түрде мәтінге айналдырады. Сосын сол мәліметтерді медициналық картаға өзі толтырады. Тіпті алдын ала диагноз қойып, емдеу нұсқаларын да ұсына алады.
Жоба авторларының айтуынша, бұл жүйе қағаз толтыру уақытын 50%-ға дейін қысқартады. Яғни дәрігер науқасқа көбірек көңіл бөледі, ал кезек біртіндеп азаюы мүмкін.
Қазір «Ascle» 38 клиникада, еліміздің төрт өңірінде сынақтан өтіп жатыр. Егер бәрі сәтті болса, мұндай жүйе жақын уақытта кеңінен енгізілуі ықтимал.



