Денсаулық
Енді емханаға барсаң сканерден өтесің

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «Qalqan» атты жаңа цифрлық платформаны іске қосты. Осы арқылы МӘМС 2.0 жүйесіне көшу басталды.
Енді медициналық қызметтерге кеткен ақша ашық болады. Барлық процесс есеп, тексеру, төлем бір жүйеде жүргізіледі.
Алғашқы кезеңде медициналық ұйымдардың ортақ базасы жасалды. Пациенттерді Face ID және QR арқылы тану жүйесі енгізілді.
Енді әр адам алған қызметін QR арқылы растап, мәліметтің бәрін жеке кабинеттен көре алады.



