Денсаулық
Жетіжардың медицинасы жаңарды

Бесқарағай ауданына қарасты Жетіжар ауылында жаңа медициналық пункт ашылды. Заманауи талаптарға сай салынған нысан ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге арналған.
Енді тұрғындар алғашқы тексеруден өтіп, күнделікті медициналық қызметті өз ауылында ала алады. Ауылда 600-ден астам азамат тұрады.
Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық бағдарламасы аясында бой көтерді. Осы бастама арқылы ауданда 11 медициналық ғимарат салынған.



