Басты жаңалық
Семейде гараж толы марихуана табылды

Семейде полицейлер ірі көлемдегі есірткіні тәркіледі. Жедел іс-шара барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан 154 келі марихуана табылған.
Тергеу мәліметінше, есірткі Абай облысы аумағында тарату үшін арнайы қаптамаларға оралған. Ол елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ІІМ өкілдері есірткі жеткізу арналарына қарсы жұмыстар жалғасатынын мәлімдеді.



