Семейде жаңа көпір салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы Ертіс өзені арқылы салынып жатқан жаңа автожол көпірінің құрылыс алаңына барып, жоба аясында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Аймақ басшысына мердігер мекеме өкілдері құрылыс кезеңдерінің орындалуы, инженерлік шешімдер мен нысанның қазіргі дайындығы туралы баяндады. Қазіргі уақытта көпірдің негізгі тіректерін орнату және металл құрылымдарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Мамандардың айтуынша, көпір құрылысы 2022 жылы басталған. Нысанды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Сапар барысында облыс әкімі құрылыс сапасы мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды, сондай-ақ жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Жаңа көпір Семей қаласындағы көлік қозғалысын жеңілдетіп, шаһардың көлік инфрақұрылымын дамытуға серпін береді деп күтілуде.



