Басты жаңалық
Теміржол вокзалы қайта салынып жатыр

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратын қайта құру жұмыстарының барысымен танысты.
Жоба аясында вокзал ғимараты толық жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай қайта жабдықталады. Құрылыс алаңында мердігер ұйым өкілдері атқарылып жатқан жұмыстар мен нысанның техникалық ерекшеліктері туралы баяндады.
Жоба бойынша ғимараттың аумағы кеңейтіліп, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау көзделген. Сондай-ақ жаңа күту залдары, заманауи интерьер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған инфрақұрылым және жаңартылған перрон салу жоспарланған.
Қайта құру жұмыстары 2025 жылы басталып, 2026 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.
Аймақ басшысы нысанның сапалы әрі уақытында пайдалануға берілуі маңызды екенін атап өтті.



