Қазақстандықтардың 84%-ы ел дамуын қолдайды

Елдің ертеңіне деген сенім қоғамның көңіл күйін аңғартады. Соңғы әлеуметтік зерттеу нәтижесі қазақстандықтардың басым бөлігі Қазақстанның қазіргі даму бағытын оң бағалайтынын көрсетті.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде қазақстандықтардың 84,4 пайызы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп есептейтіні анықталды.
Зерттеу 2026 жылдың сәуір айында жүргізілген. Нәтижелерге сәйкес, қала мен ауыл тұрғындарының пікірінде үлкен айырмашылық байқалмайды. Қала тұрғындарының 84 пайызы елдің даму бағытын қолдаса, ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 85,2 пайызға жеткен.
Әйелдер арасында оң баға бергендердің үлесі жоғарырақ болды. Олардағы көрсеткіш 86,2 пайызды құрады. Бұл ерлермен салыстырғанда 4,3 пайызға көп.
Жастар арасында қолдау деңгейі тіпті жоғары. Сауалнамаға қатысқан жастардың 89,3 пайызы қазіргі саяси бағытты дұрыс деп бағалаған.
Сондай-ақ зерттеу азаматтардың экономикалық жағдайы жақсарған сайын ел дамуына деген сенімі де арта түсетінін көрсетті. Өз тұрмысының түзелгенін айтқан респонденттер бұл өзгерісті мемлекет жүргізіп отырған саясатпен байланыстырады.
Әлеуметтік сауалнама 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында өткен. Оған еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8 мың адам қатысқан.



