Мичуринде жол жөндеу жалғасуда

Семей қаласында жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Осы жылдың 27 мамырынан бастап Мичурин көшесінде автомобиль жолын орташа жөндеу жобасы іске асырылуда.
Жоба аясында ескі асфальтбетон жамылғысын фрезерлеу, жолдың жүру бөлігін екі қабат асфальтбетонмен жабу, жол жиегі тастарын орнату және жаяу жүргіншілер жолын салу көзделген.
Қазіргі уақытта мердігер ұйым асфальтбетон жамылғысының төменгі қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл кезеңді 3 маусымға дейін аяқтау жоспарланған. Кейін жол жиегі тастарын орнату басталып, одан соң жолдың жоғарғы асфальтбетон қабаты төселеді.
Жұмыс кестесіне сәйкес, Мичурин көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын толық аяқтау шілде айының соңына жоспарланған.
Қала әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.



