Басты жаңалық

Семей тұрғыны 360 мың теңгеден қағылды

Семейде құрылыс материалдарын сатып алу кезінде болған алаяқтық дерегі тіркелді. Тұрғынның сеніміне кірген азамат тапсырысты орындамай, қомақты қаржыны иемденген деген күдікке ілінді.

Полицияның мәліметінше, жәбірленуші – 70 жастағы қала тұрғыны. Тергеу барысында 2024 жылдың сәуір айында күдіктінің ішкі есіктерді жеткізіп, орнатып беруге уәде еткені анықталған. Осы мақсатта ол алдын ала 360 мың теңге алған.

Алайда келісілген жұмыс орындалмай, тапсырыс берілген есіктер жеткізілмеген. Тергеу нұсқасына сәйкес, алынған қаражат күдіктінің жеке қажетіне жұмсалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 35 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Ол өз кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге мәлімет жария етілмейді.

Полиция азаматтарға тауар сатып алу немесе қызметке тапсырыс беру кезінде орындаушының сенімділігіне көз жеткізіп, келісімді міндетті түрде құжат жүзінде рәсімдеуге және төлемді міндеттемелер толық орындалғаннан кейін ғана жүргізуге кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button