Талдықорғанда өткен көкпардан ересектер арасындағы XXV Қазақстан чемпионатында Жамбыл облысының «Әулие-ата» командасы топ жарды. 19 команда қатысқан дүбірлі додада жамбылдықтар финалға дейін сүрінбей жетіп, шешуші кездесуде Шымкент құрамасын 6:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Abaylife порталы.
Осы жеңістің арқасында «Әулие-ата» Қазақстан чемпионатының 16 дүркін жеңімпазы атанып, ел көкпарындағы көшбасшылық мәртебесін тағы бір мәрте айқындады.
Күміс жүлде — Шымкентке, қола — Алматы облысына бұйырды.
Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» қоры
Бас серіктес: Спортты қолдау қоры



