Абай өнімі

Семейде мотор майы өндіріледі

Семей қаласында 2001 жылы құрылған «Семей май зауыты» ЖШС — техникалық майлар мен сұйықтықтар, металл және полиэтилен ыдыстарын өндіретін отандық кәсіпорындардың бірі.

Кәсіпорын серіктестері мен тұтынушылары арасында «СМЗ» және «СЕМОЛ» атауларымен танымал. Зауыттың негізгі өндірістік бағыттарына техникалық майлар мен сұйықтықтар, электролиттер, әйнек жууға арналған сұйықтықтар, сондай-ақ металл және полиэтилен ыдыстарын шығару жатады.

Кәсіпорында үш өндірістік цех жұмыс істейді.

Бірінші цехта техникалық майлар мен салқындатқыш сұйықтықтар өндіріледі. Екінші цех металл ыдыстарды дайындауға маманданған. Ал үшінші цехта полиэтилен ыдыстары, электролиттер және әйнек жууға арналған сұйықтықтар шығарылады.

Осылайша кәсіпорын жанар-жағармай материалдарына арналған өнімдерден бастап, түрлі техникалық сұйықтықтар мен оларды сақтауға арналған ыдыстарға дейінгі өнім түрлерін ұсынады.

«Семей май зауыты» ЖШС-де қолданылатын технологиялар мен өндірілетін өнімдер ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келеді. Кәсіпорынға №34808/17/AN сертификаты 2017 жылғы 15 ақпанда берілген.

Сонымен қатар зауыт «Самұрық-Қазына» қорының отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген.


Өндірістің бірнеше бағытта ұйымдастырылуы кәсіпорынға әртүрлі саладағы тұтынушылардың сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Семей май зауыты» ЖШС — Семей қаласының өндірістік әлеуетін қалыптастырып отырған кәсіпорындардың бірі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button