Хаттан қалған тағдыр

1896 жылдың күзінде ұлы Абай Семейден Мағауяға хат жазады. Ол хат – қана жеке әке аманаты емес, сондай-ақ сол дәуірдің әлеуметтік-рухани дауысы. Бұл – билікке келген жас тұлғаға төселген жауапкершілік туралы үндеу.
Хатта тұрмыстық шаруалармен бірге саудаға қатысты нақты тапсырма бар.
Бірақ бастысы — соңында жазылған қос шумақ өлең. Ол — әке аманаты. Билікке келген жас азаматтың өз қабілетімен дара болуына, әділ билік жүргізуіне шақыру.
Сонымен қатар, хаттағы өлең жолдары Абайдың діни-философиялық толғанысын, білім мен ақындық қабілетінің тереңдігін көрсетеді.
Бұл құнды мұра — Абай зерттеушілері үшін асыл дерек, әрі әрбір қазақ оқырманы үшін рухани сабақ.
Мазмұны: «Дұғай сәлем ғизатлу уә һәм хүрматлу Мағашқа жетіп мағлұм болсын-ки. Үй ішіне менен дұғай сәлем. Әлгі малды Бәкеңнен айдатып жібер. Ақылбай бірге келсін. Мұндағы істер жақсы жүріп жатыр. Шаһкәрімге сатарлық (соңғы «сатарлық» деген сөз сызылып тасталған – А.О.) һәм сәлем айтыңдар, ол да келсін.
Ой жүгіртіп қарашы Мағаш бала,
Сан дегенің тоғыз-ақ, бірден сана.
Нөлді ертпесе бұлар да қысырайды,
Единица сыфат деп біл тек қана.
Көп білгенге көп надан болады қас,
Мәужүд пенен мансұхты ол айырмас.
Бәйтерек те күндейді көлеңкесін,
Байқап тұрсаң осы жұрт соған ұқсас.
Үшбу сөзді зейін қойып оқы һәм солай істе, шырағым. Амандықта ағаңыз Абай. Семей. 1896-шы жылдың…».
Осындай құндылықты сақтаған хатты семейлік ғалым Амантай Исин Абай музейінің сирек қорынан тауып алған. Ал сіз бұл хаттың бүгінде Абай музейінде сақталғанын білдіңіз бе?




