Басты жаңалықХабарландыру
Абай облысында жол жабылды

4 қараша сағат 20:30-дан бастап «Омбы – Майқапшағай» трассасының Семей қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейінгі бөлігі барлық көлік түріне жабылды, — деп хабарлайды Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Себеп: боран, көктайғақ және көріну қашықтығының төмендеуі (100–150 м).
Полиция мен жол қызметтері тәулік бойы кезекшілік атқарып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жүргізушілерге жолға шықпауға, бағытын алдын ала жоспарлауға және ресми дереккөздерді қадағалап отыру ұсынылады.




