Басты жаңалық
Кірпіш өзімізден
Бородулиха ауданының Новопокровка ауылында жаңа кірпіш зауыты ашылды. Кәсіпорынның инвесторы — «Шыңғыс Тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қайырлы Амангелдіұлы.
Жобаның жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайды. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 6 миллион дана кірпіш шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда мұнда 50-60 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Енді аудан мен өңір құрылысшыларына кірпішті өзге жерден тасудың қажеті жоқ — жергілікті өнім сапалы әрі қолжетімді бағамен ұсынылады.
Өндірілген кірпіштер аязға төзімді, жылуды жақсы сақтайды және мемлекеттік стандарттардың барлық талаптарына сай.




