Бұл қалада жүру мүмкін болмай барады!

Семей қаласында көлік қозғалысы соңғы уақытта айтарлықтай ауырлай түсті. Таңертең автобусқа мінсеңіз — ұзақ кідіріс, баяу жылжу, тоқтаған көліктер легі жүйкені жұқартады, ал ешкісін жағдай мүлде нашарлайды. Тіпті түнде де қала көшелерінде көлік саны азаймайды. Қай уақытта шықсаңыз да, қозғалыстың баяу екенін байқау қиын емес.
Абай даңғылы мен Шәкәрім даңғылы үнемі көлікке толы. Жүргізушілердің ретсіз тоқтауы, кез келген жерден бұрылуы, өз жолынан басқа жолаққа орынсыз ауысуы немесе белгілерді елемеуі қозғалысты баяулатады. Ескі көпір мен жаңа көпірде де жағдай бірдей: кең жол болса да, тәртіп болмаған жерде жүру қиындау. Бір адамның сәл кідірісі артындағы ондаған көліктің жылдамдығын тежейді.
Бозтаев, Қабанбай батыр, Дулатов, Уәлиханов көшелері де таңертең және кешке кептелістен босамайды. Бұл жолдар қала ішіндегі жүктемені жеңілдетуі тиіс еді, алайда көлік тұрағын дұрыс пайдаланбауы, кенет жасалған бұрылыстар мен алдын ала жолын дұрыс таңдамауңы қозғалысты үнемі тежеп тұрады.
Бүгінде бір отбасында екі-үш көлік болуы қалыпты жағдай. Бірақ мәселе көліктің көптігінде емес. Негізгі түйткіл — жүргізушілік мәдениеттің төмендігі. Қаладағы кідірістің 80 пайызы – өзіміздің тікелей әрекетімізден туындайды. Студенттер сабаққа ерте шықса да үлгермей жатады, себебі жолдарды жүйелі ойластырмағанның да себебі бар.
Шынайы өзгеріс – жол салумен емес, тәртіп сақтаумен келеді.
Сондықтан баршаға қарапайым, бірақ маңызды кеңес: жолды тарылтпай көлікті орынсыз қоймау, белгілерге мән беру, алдын ала барар жолыңызды анықтап және қозғалыс мәдениетін сақтасаңыз— қаладағы жағдай айтарлықтай жақсарады.



