Басты жаңалық
Аягөзде аяғың таймайды

Аягөз қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдардағы тайғақтықтың алдын алу шаралары күшейтілді.
Қауіпті мұздану орын алмауы үшін коммуналдық қызмет мамандары тәулік бойы жұмыс істеп, арнайы техниканы үздіксіз іске қосуда. Негізгі көшелермен қатар, ішкі жолдар да назардан тыс қалған жоқ. Ауа райының өзгеруіне қарай жұмыстар жедел жоспарланып, уақытылы орындалып отыр.
Қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету – коммуналдық қызметтің ең маңызды міндеттерінің бірі. Сол себепті қазіргі уақытта атқарылып жатқан жұмыстардың темпі күшейтілгенін атап өткен жөн.


