Басты жаңалық
Алғабаста спорт кешені ашылды

Алғабас ауылында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды. Жоба меморандум аясында жүзеге асты.
Кешеннің құрылысына «StroyNetEngineering» ЖШС жауапты. Нысанның жалпы құны 445,084 млн теңгені құрайды.
Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың 4-тоқсанында басталып, 2025 жылдың 3-тоқсанында толық аяқталды.
Ғимараттың көлемі 7 089,9 куб. метр, ал жер учаскесінің жалпы аумағы 2 100 шаршы метр.



