Басты жаңалық
Жаңасемейде ауыз суға қолжетімділік артып келеді

Жаңасемей ауданында 32 елді мекеннің 19-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Биыл Ақбұлақ, Алғабас және Шаған кенттерінде су желілері жаңартылып, тұрғындарға таза су беріле бастады. Талица ауылында су құбырының 80%-ы тартылды: 9 техника мен 27 қызметкер жұмысқа жұмылдырылып, әртүрлі диаметрдегі 9,7 км құбыр және 99 су құдығы орнатылды.
Сонымен қатар Приречный ауылында су жүйесін қайта жаңарту жүргізілуде (мердігер — «Профальянс Сервис» ЖШС, жоба 2026 жылға өтпелі). Бұған қоса 6 ауылға блок-модульдік станциялар орнатылып, олардың төртеуінде қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.



