Басты жаңалық

Абай облысында полиэтностық қоғам тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Абай облысында «Полиэтникалық қоғамдағы бірлік пен ынтымақтастық» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп, өңір колледждерінің студенттері өз зерттеу жұмыстарын ұсынды. Білікті қазылар алқасы үздік жобаларды таңдап, жеңімпаздарды марапаттады.

Абай облысы ішкі саясат басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы және этносаралық қатынастар мониторингілеу бөлімінің басшысы Мағжан Құрмановтың айтуынша, мұндай іс-шаралар жастардың ғылыми қызығушылығын арттырып қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға ықпал етеді.

Конференцияға қатысқан «Семей» көпсалалы колледжінің студенті Дидар Наурызхан Абай шығармашылығын зерттеу арқылы жаңа мағлұмат алғанын атап өтті. Ал Семей қаржы-экономика колледжінің студенті Амина Талғатова этностардың өңір экономикасына қосқан үлесі туралы баяндамасымен бірінші орынды иеленді.

Шара жастардың ғылыми әлеуетін дамытуға және этносаралық келісім тақырыбын терең зерттеуге бағытталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button