Shakarim Solveathon: Ауыл шаруашылығына цифрлық шешімдер

6–8 желтоқсан күндері Shakarim University-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен және AI-Sana ұлттық бағдарламасы аясында «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI&Agriculture-2025» технологиялық марафоны өтті. Іс-шара ауыл шаруашылығына арналған жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді әзірлеуге бағытталды.

Марафонға студенттер, жас зерттеушілер және стартап-командалар қатысты. Олар үш күн бойы нақты ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған прототиптер жасап, қазылар алқасына таныстырды. Ашылу салтанатында Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков, Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Оспанов және ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова сөз сөйлеп, агроөндірісте технологияны қолданудың маңызын атап өтті.
Жеңімпаздар:
- I орын – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (1 000 000 тг)
- II орын – Шәкәрім университеті, Әлихан Бөкейхан университеті және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бірлескен командасы (700 000 тг)
- III орын – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (500 000 тг)
Марафон барысында ұсынылған жобалар алдағы уақытта серіктес кәсіпорындарда сынақтан өтеді. Бұл жастардың ғылыми және инженерлік идеяларын нақты өндіріс процесіне енгізуге мүмкіндік береді.



