Басты жаңалық
Аймақ тарихы жаңа деректермен толықты

Абай облысының тарихына қатысты жаңа ғылыми зерттеу жүргізілді. ПЦФ бағдарламасы аясында тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлнұр Абенова аймақтың мемлекеттік архивінде зерттеу жұмысын жүзеге асырды.
Зерттеу барысында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басын қамтитын архивтік құжаттар қарастырылды. Материалдарда өңірдің әкімшілік құрылымы, шаруашылықтың дамуы, сауда қатынастары, қоныс аудару саясаты және 1917–1920 жылдардағы қоғамдық-саяси үдерістер туралы маңызды мәліметтер қамтылған.
Сонымен қатар білім беру мен мәдени-ағартушылық салалардың қалыптасуына қатысты деректер зерделенді. Зерттеу нәтижесі облыс тарихын тереңірек тануға және өңірлік архивтің маңызын арттыруға мүмкіндік береді.



