«Полигон-21» қоғамдық бірлестігі партиялармен бірге жұмыс істемек

Абай облысында «Полигон-21» қоғамдық бірлестігі өңірдегі бірқатар саяси партиямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат азаматтық бастамаларды қолдап, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.
Шараға жергілікті қоғам белсенділері қатысып, экология, инфрақұрылымды дамыту және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Тараптардың айтуынша, меморандум аясындағы бірлескен жұмыс ашық диалог қалыптастыруға, бизнес және саяси құрылымдардың мүмкіндіктерін тиімді ұштастыруға жол ашады.
«Басты мақсат – тұрғындардың игілігі үшін нақты шешімдерге қол жеткізу. Бірлескен әрекет өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді», – деді «Полигон-21» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Құрманбаев.


